Бүгінгі күн лицейімізде ерекше мерекелік көңіл күймен басталды. 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің ер азаматтары мен оқушыларына зор құрмет көрсетіліп, арнайы ұйымдастырылған іс-шара аясында олар ерекше ілтипатпен қарсы алынды.
Мектебіміздің нәзік жандылары мәжіліс залына жиналған ер азаматтарға жүрекжарды тілектерін арнап, шын көңілден шыққан жылы лебіздерін жеткізді. Кеш барысында құрметке толы сөздер айтылып, көрермендер көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Мерекелік шара бәріне қуаныш сыйлап, жүректерге жылылық ұялатты.
Бұл айтулы мереке – еліміздің бейбіт тіршілігі мен жарқын болашағы үшін аянбай тер төгіп жүрген ер азаматтарға деген шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі.
Ержүрек ұстаздарымыз бен жас ұрпақ – болашақ қорғаушыларымызға зор ризашылығымызды білдіреміз!