Жоба мақсаты:
- Оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру;
- Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру;
- Балалардың ой-өрісін дамытуда ең үлкен ұлы тәрбие құралы кітап екенін түсіндіру;
- 5 минут кітап оқу уақытына берілген шығармаларды, қиял ұшқырлықтарына қарай сыныппен бірлесе отырып қорғау.
Жоба кезеңдері:
- кітаптарды жас ерекшеліктеріне сай үлестіру (1-10 қыркүйек).
- 5 минут кітап оқу уақытында берілген шығарманы оқу (жұмасына 1 рет).
- берілген шығарманы оқып бітіру (1 желтоқсанға дейін).
- оқыған шығармаларын сынып болып қорғауға ұсыну (10 желтоқсан-10 сәуір).
Қамтылатын оқырмандар: 7-10 сынып оқушылары
Әрбір сынып оқушыларына оқу үшін төмендегідей көркем әдебиеттер бөлініп берілді.
7-сынып оқушыларына Б.Соқпақбаевтің «Балалық шаққа саяхат» және М.Әуезовтің «Көксерек»
8-сынып оқушыларына Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Міржақын Дулатұлының «Бақытсыз Жамал»
9-сынып оқушыларына Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма», Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан», Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі»
10-сынып оқушыларына Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй»
Жоба ұйыдастырушылары: кітапханашылар, сынып жетекшілер
Жоба қорытындысы: «Үздік оқырман сынып», «Үздік оқырман», «Ұшқыр ойлы сынып» аталымдарын анықтап, марапаттау