Жеңімпаздар елге оралды!
Түркияның Анталия қаласында өткен «Fibonacci Robot Olympiad Eurasia» халықаралық робототехника олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен лицейіміздің оқушылары туған елге абыроймен оралды.
Жеңімпаздарды лицей оқушылары мен ұстаздары салтанатты түрде қарсы алды. Ұстаздары мен ата-аналары қуаныштарын жасыра алмай, оқушыларымызды құшақ жая қарсы алып, ыстық лебіздерін білдірді. Бұл сәт жас робототехниктер үшін нағыз ұмытылмас, ерекше қуанышты күнге айналды.
Команда мүшелері мен жетекшісі Бекчурина Айнур Төлегенқызы мектеп директорының қабылдауында болып, халықаралық додадағы әсерлерімен, алған тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп директоры оқушыларға лицейдің атын халықаралық деңгейде танытып жүргендері үшін алғысын білдірді.
Бұл жеңіс – лицейіміздегі сапалы білім мен үздіксіз еңбектің, оқушылардың биік армандары мен ұстаздардың кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Жеңімпаздарды және жетекшіні шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!