Бүгін 8 сынып оқушылары білім кемесіне мініп, жаратылыстану ғылымдарының байлығы жасырылған аралдарға қызықты саяхат жасады. Ақылды үзіліспен басталған әр сағат оқушылар үшін жаңа бағыт, шытырманға толы жұмбақтар және теориялық білімдерін тәжірибеде көрсету арқылы қазынаға жету жолы болды.
«Ғылыми экспедиция: Қазынаға жол» атты ақылды үзіліс ойынына белсенді қатысқан оқушылар арасынан жеңімаз үш топ «Қарақшылар квесті: Табиғаттың үш қаруы» атты ерекше форматтағы квест ойынына жолдама алды.
Биология, химия, география аралдарына квест арқылы саяхат жасаған оқушылар пәндер бойынша белсенділік көрсетті. Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен "Географиялық карта» командасы финалға жолдама алып, қоржынын қазынаға толтырды.
Жаратылыстану апталығының екінші күні мектеп оқушыларына жарқын бояу сыйлап, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырды. Әр бала өзін жас зерттеуші, тапқыр капитан сезінді.