2025 жылдың 14-18 сәуірі аралығында Қызылорда қаласында 9–11(12)-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Қазақстан тарихы пәні бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Асхат Алуа ІІІ орын иеленді. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік Алуаның білімге деген ынтасын, қажырлы еңбегін және үлкен мақсаттарға ұмтылысын дәлелдейді. Оның осы жолдағы жетекшісі – Аманбаев Аскар Саиновичке ерекше алғыс білдіреміз. Ұстаз бен шәкірт еңбегі әрдайым жемісті бола берсін!
Жетістіктерің жалғаса берсін, Алуа!