Бүгін облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернатында Лицей президенті мен Ұланбасын ұлықтау, «Парламент» және «Жас Ұлан» ұйымына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау рәсімі оздырылды. Шара барысында 2021-2023 оқу жылы аралығында лицейімізде Үздік президент болған Насибуллин Асанали өз өкілеттілігін тоқтатып, тізгінді Ғизат Әлиханға, ал Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан” ұйымының мүшесі әрі 2022-2023 оқу жылы аралығында Ұланбасы болған Тұрарбек Камилла өз өкілеттілігін Талап Жанеркеге табыстады.