Оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға қызығушылықтарын дамыту, аймақтық және облыстық олимпиадаға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын шыңдау мақсатында мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 22-23 қараша күндері мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі оздырылды.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткен мектепішілік олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары арасынан 122 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, аймақтық және облыстық олимпиадаға қатысатын команда жасақталады және алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.