31 қазан күні мектебімізде «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби өсуі: оқыту мен оқу үдерісін дамыту» тақырыбында мұғалімдерге арналған тәжірибелік семинар өтті.
Мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру, озық тәжірибе алмасу.
Қашықтық режимінде Алматы қаласы №178 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Амалбекова Лунара Еркиновна «Мұғалімнің шығармашылық потенциалын жетілдіру, білім сапасын арттыру» тақырыбымен ой бөлісіп, өз тәжірибесіндегі жоғары кәсіби инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізуде үздік шығармашылығын көрсетті.
Сондай-ақ, мектебіміздің физика пәні мұғалімі Тангалиева Алтынгүл Исмагуловна «Сабақтың құрылымы – сабақты үйлестірудің негізі» тақырыбында табысты сабақты жоспарлауда сабақтың құрылымын сақтау, сабақ мақсатына жетуде қойылатын талаптар туралы іс-тәжірибесін ортаға салды.
Тарих пәні мұғалімі Жексенов Азат Бисембаевич «Қазақстан тарихы пәнінде 10-11 сынып оқушыларының білім сапасын арттыру» тақырыбында сабақта білім алушылардың оқуға деген ынтасы мен ашықтығын арттыру, 10-11 сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындаудың ерекшеліктерімен ой бөлісті.
Физика пәні мұғалімі, тәжірибелі педагог, республикалық «Үздік педагог» аталымы иегері Баенова Даметкен Баеновна «Сабақ үдерісінде ұлттық құндылықтарды дарыту» тақырыбында ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру үшін оқу үдерісіне енгізудің ерекшеліктері туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырып аясында пікір алмасты.