Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында 2023-2024 оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» атты салтанатты жиын болып өтті.
Салтанатты шарада мектеп директоры Ж.М.Шонбаев мектеп шәкірттері мен ұстаздарға мерейі үстем жыл болуына, мектебімізге қабылданған 7-сынып және 11-сынып оқушыларына биылғы оқу жылында білімнің асқақ шыңына көтеріліп, мол табыстар мен ізденістерге жете берулеріне тілектестігін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы ұстаздар мен ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.
Мерекелік жиын мектеп оқушыларының ән-би номерлерімен жалғасын тауып, жаңа 2023-2024 оқу жылының алғашқы қоңырауы да соғылды. Салтанатты жиынның соңы 7-11-сынып оқушыларына білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау мақсатында «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында республикалық сынып сағаттарымен жалғасын тапты.