Бүгін мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті.
Олимпиадаға қатысқан 55 оқушы өз білімдерін сынады. Ең үздік көрсеткіш көрсеткен оқушыларымыз облыстық кезеңге өту мүмкіндігіне ие болды.
2024 жылдың қараша айының соңғы аптасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектепте баскетбол мен волейболдан спорттық жарыстар өткізілді. Жарыстарға 7-11 сынып оқушылары қатысты, олар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды.
29.11.2024ж. күні «Болашаққа сенімді қадам» тақырыбында Аstana AITU жоғары оқу орнында білім алып жатырған студенттермен кездесу өтті.
2024 жылдың 28-қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырмандарымыздың қызықты, әрі сүйікті жобасы «ReadX» форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды. Аталмыш шара мақсаты, мектебімізге жаңадан келген 7-сынып оқушыларына кітапханада ұйымдастырылатын іс-шаралардың бағыт-бағдарын көрсетіп, кітап оқуға бағыттау. Осы мақсат негізінде, 8-9 сынып оқушылары оқыған кітаптарын ортаға салып, ой бөлісті.
2024 жылдың 26-қараша күні мектебімізде оқушылардың жолда жүру ережесі бойынша білімдерін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге, үйрету және жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білудің адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру мақсатында патрульдік полиция батальонының қызмет аға инспекторы, Полиция лейтенанты Мақсот Марс Бекболатұлы және Полиция аға лейтенанты Тілекқабылов Мейіржан Бақытжанұлы “Жол ережесін сақтайық!” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Бүгін біздің мектеп-лицейімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша саптық жиын өткізілді.
2024 жылдың 22 қарашасы күні «Мамандық таңдау – өмірлік жолды таңдау» тақырыбында мектептің кәсіптік бағдар беруші маманы ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған жиналыс өтті.
Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында 2024 жылдың 22-қараша күні 7сынып ұлдарының қатысуымен жиналыс өткізілді.